Главная
АИ #41 (68)
Статьи журнала АИ #41 (68)
Психолого-коррекционная работа с родителями «детей группы риска»

Психолого-коррекционная работа с родителями «детей группы риска»

Рубрика

Психология

Ключевые слова

психология
дети группы риска

Аннотация статьи

В статье рассматривается вопрос психолого-коррекционной работа с родителями «детей группы риска».

Текст статьи

Қазіргі таңда «Тәуекел тобындағы балалардың» суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата- аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді. Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет, жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпы адамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. Тұлға қауіпсіздігі – қазақстандық қоғамда басты құндылықтардың бірі болуы тиіс. Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны тәрбиелеумен қатар ана-аналарға тәлім-тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, оларда орын алатын жағымсыз мінездерді қайта құру жолдары, оқыту мазмұнын балаларға толық меңгертудегі отбасының көмегі, соынмен қатар басқа мәселелер бойынша көптеген проблемаларды түсіндіру мектеп қызметкерлеріне жүктеледі. Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог – ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Ата-анасына балалардың мінез-құлқын, бейімділігін, сынып оқушыларымен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын, түзету, сабаққа ынта жігерін айта келіп, осы отбасына тән ерекшеліктерді ескертуі керек. Мінез түрлілігі сияқты әр отбасы айтқан ойларды әр түрлі қабылдап жатады. Бірі ілтипат көрсетсе, кейбіреулер жақтырмайды. Психолог сынып жетекшісі мен ата-аналар арасында байланысты күшейте түсуіне жағымды ықпал ете алады.

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Бірақта оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Дегендей, ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамын. Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады. Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Негізінен, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол – басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ал ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала, біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Ал «Тəуекел тобындағы» балалармен жұмысты қарастыратын болсақ. Олар үнемі қандай да бір дағдарыстық ситуацияға жиі түсетін балалар «тəуекелге бейім топқа» жатады. Ата-аналардың маскүнемдігі, ата-аналардың махаббатының болмауы, қорлықтың себебі болуы мүмкін. Мұндай балалар өз қиындықтарын жеңе алмай, қараусыз қалуы да мүмкін. Осындай балаларға əлемге деген сенімсіздік, өзіндік бағалаудың төмен болуы, қобалжу тəн. Өмір ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын психологиялық проблемалар, агрессияның мінез қалпы ретінде қалыптасуына алып келеді. Агрессия көрсету арқылы мұндай балалар өз дегендеріне жетеді. Негізінен алғанда, агрессияның мінез бітіміне айналуы балада қарым-қатынасқа керек дағдылардың қалыптаспауымен байланысты. Бұл ата-аналардың тəрбиесінің жетіспеуінен болады. Келесі себеп – зақым əкелетін ситуацияларға реакциясы. Сондықтан «тəуекелге бейім топтағы» балалармен түзету жұмысы кезінде қарым-қатынас пен мінез-құлықтың əлеуметтік мақұлданған стилін қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек.

Мұндай балалардағы агрессияның себебі:

  • эмоциялық зақым əкелетін жағдайдың болуы жəне одан шығудың мүмкін болмауы;
  • өзінің керек еместігін сезіну;
  • ата-аналардың агрессияны қолдауы балалардың үнемі осындай мінез-құлық көрсетуіне алып келеді;
  • ата-аналардың балаларынан бас тартуы;
  • болашақ алдындағы қорқыныш.

«Тəуекел тобындағы» балалармен түзету жұмыстары ұзаққа созылады. Психологтың жұмысы кеңес беруге бағытталады. Психотерапиялық жұмыс агрессия табиғатына байланысты болады. Бір жағынан агрессияны елемей, оған көңіл аудармау керек болса, екінші жағынан, агрессиялық мінез-құлықты ойын контекстіне кіргізу керек, ал үшіншіден, ойын арқылы агрессияның сыртқа шығып, мəселенің жағымды шешілуіне бағдарлану керек. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін арт-терапия, сюжеттік-рөлдік ойындар жақсы əсер етеді.

Агрессияны түзету жұмысының негізгі бағыттары:

  • өз эмоцияларын сезінуге үйрену жəне сезімдерін сөзбен айта білуге, жеткізе білуге үйрену;
  • қобалжу деңгейінің төмендеуі;
  • өзіндік бағалауды жоғарылату;
  • -баланы өз ашуын дұрыс жолмен сыртқа шығара білуге үйрету;
  • өз ашуын басқара білуге үйрену;
  • конструктивті қарым-қатынасқа үйрену;
  • жүріс-тұрыстың деструктивті элементтерін азайту;
  • мəселелік жағдайларда конструктивті мінез-құлық дағдыларына үйрену;
  • өз эмоцияларын қадағалауды дамыту.

Топтық жəне жеке жұмыс кезінде баланың өзінің жəне жағдайдың жағымды жаққа өзгеруіне сенуіне мүмкіндік беретін жағдай жасау керек. Топтық жұмыс ерекше, іш пыстырмайтын болуы керек. Балалардың қызығушылығын ынталандыратын тапсырмалар болуы керек. Агрессияны түзету кезінде балалар түрлі ситуацияларда адекватты жүріс-тұрыстың моделін сезіну керек. Балалар өз отбасындағы қарым-қатынас тəжірибелерін құрдастарымен арадағы қатынас кезінде де пайдаланады, «тəуекелге бейім топқа жататын» балалардың басқа балаларды ренжітуіне жол бермеуге арналған жұмыс өте маңызды болып табылады. Жұмыс кезінде балалардың өздерін рефлексиялауына үйрету керек, өз өмірлеріне өздерінің əсер ете алуына жағдай жасау керек. Пайда болған мəселелерді шешу керектігін сезінуге үйрету керек. Агрессияның пайда болуына əсер ететін жағдай – ол фрустрация, ата-ана махаббатына зəру болу, олардан үнемі жазалану арқылы бала осындай фрустрация күйін кешеді. Егер ата-аналары үнемі жазалап отыратын болса, бұл агрессияның пайда болуының бірден бір шарты болып табылады. Сондықтан түзету жұмыстары ата-аналармен де жүргізілу керек, онда ата-аналар конструктивті тəрбиелеу жолдарына үйреніп, баланың жеке-дара ерекшеліктері туралы ақпарат алады.

Ал педагог пен ата-ана – оқушыларды тәрбиелеудегі әріптестер. Бұл жұмыстың қыры түбінде білімге деген қызығушылығын ояту болып табылатын оқытудың толыққанды мотивін қалыптастыру, танымдық қабілетін дамыту, тілін дамыту және айналаға көзқарасын байыту, өзін бақылай білуге, іштей жоспар құруға, әлеуметтік-адамгершілік сапасын қалыптастыруға яғни, ұжымда жұмыс жасай білу, көшбасшының жауапкершілігін алу және жолдастық қатынас жағдайларына бағыну, мейірімділік, қамқоршылық, сенімділік, қуану мен уайымдай білуге үйретуге бағытталуы керек. Тәрбие барысында осы жалпы педагогикалық міндеттер шешілуі тиіс.

Мектеп пен отбасының міндеті балалардың жеке қабілеттерін, бейімділіктерін ашуға тиіс. Табиғи сый барлық балада бар. Күрделісі оны ескере біліп, дамуында ақауы бар тәуекел тобы балалардың кемшіліктерін түзетуде қолдана білу. Бейімділік іс-әрекет кезінде ғана байқалады. Сондықтан да балаға іс-әрекеттің кең түрін ұсынған жөн. Мысалы: құрастыру, тігу, сурет салу, ән айту, би билеу т.б. Тәуекел тобының балалары мазмұнды өмірді қажет етеді. Бос кезінде әрқайсысы өзін қызықтырған істерімен айналысқаны дұрыс. Тәртібінің кейбір патологиялық ерекшеліктері іш пысудың нәтижесі болуы мүмкін.

Бірге кітап оқу, кинофильмдерді, телехабарларды, спектакльдер көру, мәдени орындарға бару бірін-бірі толықтырып отырады. Бала ата-анамен үнемі әңгімелесіп отыруы керек, сонда ғана балада тіл мәдениеті мен ойлау қабілеті қалыптасады.

Театр, мұражайларға бару, қала мәдени орындарына саяхат жасау, ескерткіштермен танысу баланың танымына, эстетикалық дамуына әсер етеді. Осы жағдайлардың барлығын бала отбасында көріп өсуі тиіс.

Бірақ ата-аналардың осы мүмкіндіктерді дұрыс қолданбауының себептерінен бала тек қана мұндай көңіл бөлушілікті мектепте мұғалім, тәрбиешілерінен көріп, жылулықты солардан алады. Сол себепті ата-аналармен де тәрбие жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Даму мүмкіншілігі шектеулі балалардың денсаулығымен қатар отбасындағы ата-анасының жауапсыздығы оларға қосымша дерт болып жабысып, балада даму процесінің орнына кері қарай құлдырау келеңсіздігі орын алады. Ол мінез-құлқындағы ашушаңдық, тіл табыспаушылық, тез жанжалдасу, аяушылық сезімнің жоқтығы. Сол себепті бала ұжымда өз орнын таппай, шеттеліп, құқық бұзушылыққа тез бой алдырады. Мектеп қабырғасында мұндай отбасылармен, оқушылармен арнайы мамандар, педагогтар жұмыс жасап, ауытқуларды түзету бойынша әдіс-тәсілдерді қолданады. Бірақ, әрдайым нәтижесін бере бермейді. Себебі, оқушылардың көпшілігі әлеуметтік жағдайлары төмен және ішкі отбасылық жағдайлары бұзылған отбасынан.

Тұрмыстық жағдайы нашар отбасылармен жұмысты ұйымдастыруда «әлеуметтік қатерлі жағдайға тап болған отбасы» деген түсінікті анықтай білу керек. Бұл терминді 3 аспектіге бөліп қарастыруға болады.

Медициналық. Отбасы мүшелерінде отбасын толыққанды қалыптастыруға кедергі жасайтын айқын көрінетін аурулар немесе медициналық-биологиялық ауытқулардың болуы. Әлеуметтік-әкімшіліктік. Отбасының жағдайы өмір сүру мен баланың дамуына аз жарамды немесе жарамсыз деңгейде деп танылған.

Психологиялық-педагогикалық. Отбасы ішілік және сыртқы әлеуметтік байланыстардың бұзылуы отбасы мүшелерінің жеке тұлғалық ыдырауына әкеліп соқтырады. Осындай себептермен, түзету мен оңтайландыру технологияларын іске асыруды қажет ететін, проблемалы отбасылармен жұмыс жүргізіледі. Осындай әлеуметтік тәуекел тобындағы отбасылардан өз іс-әрекетіне баға бере алмайтын аурушаң, өмірге ренішті, айналадағы қоршаған ортаға қызығушылығы жоқ «тәуекел тобының» балалары тәрбиеленіп өседі. Тұрмыстық жағдайы нашар отбасы және олардың балаларымен жұмыс барысында алдын алу мен түзету жұмыстарының әдістерін анықтап қолдану керек.

Сынып жетекшілердің «Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеу алгоритімі:

"Қиын" оқушыларды анықтау бойынша сынып жетекшісінің жұмысы.

Біріншіден: балалардың қайсысы «тәуекел тобына» тобына жататынын анықтау, қандай себеппен.

Екіншіден: бұл балалар отбасылық жағдайын қарастыру.

Үшіншіден: осындай балалармен жұмыс бойынша сұрау салуды рәсімдеу үшін мектеп психологына жүгіну (психолог ұсыныс беруі тиіс).

Төртіншіден: Оқушының картасын жасау.

Бесіншіден: мұндай оқушылармен жұмыс түрлерін анықтау. Әрбір сынып жетекшісіне қажет: қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жоспарын құру, оған міндетті түрде мыналар енгізілуі тиіс: жеке және топтық профилактикалық әңгімелер, ойындар, ата-аналар жиналыстары, үйге бару, педагогикалық диагностика және т. б.; сынып жетекшісінің күнделігін жүргізу, әр балаға жеке бет бөлінген, онда баламен және оның ата-аналарымен жүргізілетін барлық жұмыс тіркеледі Егер бұл жұмыс оң нәтиже бермесе, онда оқушыларды мектепішілік профилактикалық есепке қою туралы мәселе туындайды. Бұл туралы шешімді мектептің алдын алу кеңесі қабылдайды.

Ата-анаға айтарым…

Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз. Мәселен: «Жарайсың, соңғы уақыттарда сен маған әжептәуір көмек жасап жүрсің!», «Сен жасаған мына дүние ерекше екен», «Ұсынысың – керемет» деген сияқты қолдануға болады.

Балаңыздың өмірін басқаруға ұмтылмаңыз. Оның өзі атқара алатын ісіне араласудың қажеті жоқ. Шамаңыз келгенше, балаңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асуға тырысыңыз. Мұндай кездерде: «Сен – керемет тамаша баласың», «Сендей баламыздың болғанына қуаныштымыз» деген сөздерді қолдануға болады.

Балаңызға бұйрықты түрде сөйлеуден, бір нәрсені күштеп істеуден, намысына тиетін сөздерден аулақ болыңыз. Балаңызбен бірге болуға тырысыңыз. Сіздің жан жылуыңыз бен аймалауыңызды қажетсінген кездерде сырт айналмаңыз.

Балаңыздың қате басқан қадамы болса, оны бірден жазалауға ұмтылмаңыз. Шын мағынасында, жазалау-бала тәрбиесіндегі дөрекі де өнімсіз құрал.

Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, ата-ана мен бала арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта ата-анасының мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.

Қорытынды:

  • Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
  • Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
  • Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
  • Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!

***

ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ» АТА – АНАЛАРЫМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫ

Аннотация. Мақалада «Тәуекел тобындағы балалардың» ата – аналарымен психологиялық түзету мәселесі талқыланды.

Түйінді сөз: психология, тәуекел тобындағы балалар.

***

PSYCHOLOGICAL AND CORRECTIONAL WORK WITH PARENTS OF «CHILDREN AT RISK»

Abstract. The article deals with the issue of psychological and correctional work with parents of «children at risk».

Keywords: psychology, children at risk.

Список литературы

  1. Шаров А.А. Современные подходы к психодиагностике суицидального риска // Научное сообщество студентов XXI столетия. Гуманитарные наук: сб. ст. по мат. XIX междунар. студ. науч.-практ. конф.
  2. Ломакина Г.Р. Сказкотерапия: воспитываем, развиваем, освобождаем ребенка от психологических проблем. М.:2010. – 158 с.
  3. Хорни работа с детьми группы риска. M.: 2000. – 156 с.
  4. Лисина М.И. Общение со взрослыми и психологическая подготовка детей к школе. – Калинин, 1987. – 132 с.
  5. Леоньтев А.Н. Потребности, мотивы и эмоции. - 1971. – 220 с.
  6. Грэйс К.Психология развития. - М., 2005. - 255 с.
  7. Левитов Д.Н. «Үрейдің, дүрбелең жағдайдың психикалық күйі». – Психология сұрақтары.
  8. Корчагина С.Г. Психология одиночества: учебное пособие. – М.: МПСИ, 2008. 228 с.

Поделиться

1691

Сакенова С. М. Психолого-коррекционная работа с родителями «детей группы риска» // Актуальные исследования. 2021. №41 (68). С. 44-48. URL: https://apni.ru/article/3038-psikhologo-korrektsionnaya-rabota-s-roditelya

Обнаружили грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики)? Напишите письмо в редакцию журнала: info@apni.ru

Похожие статьи

Актуальные исследования

#52 (234)

Прием материалов

21 декабря - 27 декабря

осталось 6 дней

Размещение PDF-версии журнала

1 января

Размещение электронной версии статьи

сразу после оплаты

Рассылка печатных экземпляров

17 января