Главная
АИ #45 (72)
Статьи журнала АИ #45 (72)
National culture and tradition in Kazakh films

National culture and tradition in Kazakh films

Автор:

Рубрика

Культурология, искусствоведение, дизайн

Ключевые слова

cinema
traditional
history
national behavior
the sign

Аннотация статьи

Find the influence of national tradition to Kazakh filmography and spread it's importance. Summarize the national, social background of the films, movies made during USSR, first years of the Kazakhstan and films made today.

Текст статьи

Қарыштап дамыған ХХІ ғасырда әр елдің, әр ұлттың өзін басқа елге танытудағы ең таптырмас жолы – кино. Өздеріңіз білетіндей, көгілдір экранда қаптаған түрік, үнді, кәріс сериалдары арқылы солардың салт-дәстүрін, өмір сүру қағидасын оқып жаттамай-ақ сериал арқылы бойымызға сіңіріп келе жатқанымыз жасырын дүние емес. Солармен сусындап келе жатқан өскелең ұрпақ ертең қандай болып қалыптасары бір Аллаға аян. Қазақ салт-дәстүрін, тілін, тарихын жете таныстыра алатын бірде-бір сериалдың (кино) болмауы қазақ дейтін атымызға сын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы осы олқылықтардың орнын толтырды десек болады. Себебі, 2017 жыл мемлекетіміз үшін жаңа белестер соны соқпақтар жылы болды. Әсіресе елдің мәдени өмірінде рухани жаңғыруға бастаған елеулі оқиғалар ұлт абыройын асқақтатқан айтулы жетістіктер көп. Өмірі мен өнерін егіз өрбіткен халқымыздың мәдени мәртебесі бір көтеріліп қалды. Ұлт руханиятында айрықша із қалдыратын тұғырлы туындылар мен қазақтың өнерін өркендетуге өлшеусіз үлес қосатын танымдық һәм тарихи кинолар жарыққа шығып, көрерменге жол тартты.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков Түріктің «Сүлеймен патша» сериалын бәріміз не үшін құныға көрдік? Деген сұрақтың төңірегінде ой қозғайды.

«Орыс баспасөз беттерінде бұл фильм жайлы кинотанушылар не себепті қызғанышы мен қызығушылығы аралас мақалалар жариялап жатты? Не үшін? Түріктердің арғы атасы Османның азғантай ғана түркі тайпасын азулы, жауынгер ұлтқа айналдырып, оның бірте-бірте күшейіп, ақыр соңында іргесі мызғымастай көрінген Византия империясын құлатып, олардың астанасы Константинопольды Ыстамбұлға айналдырып, бүкіл Балқан елдері мен Қырым жағалауын ұлы түрік империясына айналдырғаны үшін бе? Жоқ, әрине! Жириновский сияқты шовинистік көзқарастағы саясаткерлер болмаса, кино мамандары фильмнің жоғары техникалық сапасын, актерлер ансамблінің тұтастай шеберлігін, тақырып ішіндегі тақырыптардың көрініс сайын ширығып, көрерменді экраннан мойын бұрғызбай қадағалап қарап отыруға мәжбүр ететін шиыршық атқан оқиғалар тізбегі, әр кейіпкердің үлкен ансамбльдегі өзіндік жарқын бейнесі, сарай ішіндегі сан-сапалақ интрига, кейіпкер мен қарсы кейіпкер арасында өтіп жататын тайталас, бақ пен тақ үшін астыртын жүріп жататын психологиялық арбасу, сұлу бикештер, әсерлі музыка... Досын сүйіндіріп, қасын күйіндіріп отыратын сезімдер алма-кезек ауысып, қанша жерден қызғанышпен қарасаң да фильмнің көркемдік қуатының күштілігі кімді де болса сүйсіндірмей қоймайды. Герой мен антигерой қағидасы бұл фильмде классикалық деңгейге көтерілген. Сүлеймен патшаның туыстары, кейде, Сүлейменнің өзі де бір ғана адаммен күресіп жүр. Бірақ, бәрі оны жеңе алмайды, керісінше, шетінен жеңіліп, кейбірі өлім құшып жатады. Ол антигеройдың аты – Хюррем ханым, Сүлейменнің әйелі, тегі – сербиялық. Ол – айлакер, қу, зәлім, ақылды әрі жауыз да. Егер фильмнен Хюрремді алып тастап көріңізші, не болар екен? Сақырлаған сағырдам сарай оқиғаларының тізбегі ғана қалып, екі-үш сериядан соң көрерменді еліктіріп отыратын оқиға сарқылып, қызықсыз хроника ғана боп қалар еді», дей келе басқада киноларға кеңінен тоқталады.

Қытай кинематографистері түсірген отыз сериялы «Шыңғыс хан», «Құбылай хан», араб елдері бірігіп шығарған «Сұлтан Бейбарыс», түріктің «Сүлеймен патшасы» және «Ер Тұғырыл» фильмдерінің құндылығы неде? Тек тарихи оқиғаларды экран тілінде сөйлеткені ме? Әлбетте, жоқ! Тарихи басты оқиғаларды сақтай отырып, кейіпкерлер арасындағы конфликтіні көркемдік шындық тұрғысында шегіне жеткізіп бере білуінде, көрерменге күдік тудыратын немесе нанымсыз боп көрінетін басы артық бірде-бір көріністің атымен жоқтығында, тақырып идеясы мен көркемдік критерийлердің тұтастығында, басты тақырып пен қарсы тақырыптың, герой мен антигеройдың көрерменге берер энергетикалық күш-қуаттарының молдығында. Біздің осы кинотуындылардан үйренуге тиіс басты ерекшелік – басты тақырып пен басты кейіпкердің өмір жолын жазуға кіріспес бұрын сол кейіпкерге қарсы тұратын антигеройды таңдай білуіміз керек.

Қазақ кино өнері барлық өнердің ішіндегі ең елеулісі ғана емес, сонымен қатар ел жүрегіне тез жететін ең елгезек, ең ұшқыр жанр екені анық. Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында қарыштап дамыды. Ең алғашқы фильмдер, әрине, отызыншы жылдардың өзінде-ақ жарыққа шықты. Ал, Дүниежүзілік кино тарихына көз жіберсек «тыныштық» пен «төңкерістің» алма кезек келетінін көруге болады. Бұл қазақ киноматографына да қатысты. ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарында түсірілген «Менің атым Қожа» , «Қыз Жібек», «Тұлпардың ізі» , «Атамекен», «Алдар көсе», «Ел басына күн туса» фильмдері ұлттық киномыздың алтын қорына енген болатын.Бұл фильмдер біздің салт-дәстүр, ұлттық болмысымызбен үндес еді. Әйтседе 1939 жылдан бастап қана қазақ киносын дамыту қолға алынды. Сол кезеңдегі қазақ киносындағы салт-дәстүрлер қандай көрініс тапты. Кеңестік кезеңде қазақ киносының ең жемісті шақтары деп 60-ыншы және 70-ші жылдар аралығы деп айта аламыз. Сол жылдары түсірілген фильмдерден ұлттық құндылықтарымызды көбірек байқаймыз. Ендеше қазақ киносы салт-дәстүрлерімізді қалай насихаттағанын талдап көрелік. Өткенге біраз шегініс жасап, ұлтымыздың мәдениетіндегі классикалық туынды «Қыз Жібек» көркем туындысына тоқталсақ. Фильмде Қыз Жібекті ұзатып жатқанда анасының өз ботасын әлпештеп бағып, кейін өзге жұртқа барғанда да қиыншылық көрмесін деп, бірінші Жаратқанға, кейін табиғатқа, ақ төсекке, зербелбеуге тапсырып, күйеу жігіттің бетін ыстық алақанымен сипап, маңдайынан сүйді де аманатын тапсырды. Бұл да болса көркем фильмдегі қазақ салт-дәстүрінің мыңнан бірегей мысалын сомдауы, нақтырақ айтсақ, қыздың өз үйінен түлеп ұшып, өзге босағаға келін болып ұзатылуы сипатталды фильмде. «Жамбылдың жастық шағы» фильмі де бұл тізімнен қалыс қалмас. Жамбылдың Бұрымға түн ішінде Ұрым бару салтымен қатар қандай да бір істі бастамас бұрын жасы үлкен сыйлы адамнан бата сұрап, рұқсатын алу дәстүрі де жақсы көрсетілген. 70-жылдары қазақ кино өнерінің алтын тірегі саналған «Гауһартас» фильмі жарық көрді. Бүкілодақтық тұсау кесері Мәскеу қаласында өтті. «Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болды. Қарапайым шаруаның шаңырағына келін боп түскен Салтанаттың биязы мінезі, үлкенді сыйлауы және қайын інісіне «Ерке бала» деп ат қойып, қалжыңдасуы да керемет үндестік тапқан.

Ақанның Құлагерін айқын көрсеткен тағы бір туынды бар. Ол да бүгінгі біз талқыға салып жатқан тақырыпқа сәйкес келеді. Баланы бесікке бөлеу дәстүрін осы фильмде өзгеше етіп көрсеткен. Әдеткі дәстүр бойынша баланың қол-аяғы түзу болсын деп, бір жағынан қолын әлі игере қоймаған құндақтағы бала өзінің жыбырлаған қол аяғынан шошып оянбас үшін оны бесікке бөлеу ертеден келе жатқан салт. Әдетте бесікке бөлеу үшін шыттан тігілген мата пайдаланылады. Өйткені туылған сәбидің денесі бірден суық тартпау үшін және қоршаған ортаның температурасына бірте-бірте үйренуі үшін осы мата ыңғайлы. Шыттан тігілген мата бір жағынан суықтан қорғаса, екінші жағынан дененің терлемеуін қамтамасыз етеді. Екі жөргөктің екіншісі біріншісінен бір жарым қарыс төмен төселеді [1].

Таяуда ғана жарыққа шыққан «Құнанбай» көркем фильмінде де біраз қазақтың салтын байқауға болады. Фильм басталысымен аяқталуына дейін салт-дәстүріміздің сан қилысын тамашалаймыз. Олар бейне бір дәнекер іспетті. Фильмнің басы марқұм Өскенбайды жоқтаумен басталады. Жоқтау қай заманда, қалай пайда болғанын қазақтың таралу тамырын зерделей отырсақ, сонау Оғыз мемлекетінен бастау алғанын байқаймыз. Оғыз қаған дүниеден өткеннен соң артынан жұрты қырық күн, кейбір деректерде қырық ай жоқтады делінеді. Яғни, ұлтымызда жоқтау аса қадірлі, елге белгілі адам дүниеде өткенде көрініс табатын салт. Дегенмен заманның ағымы, уақыттың зырғып өтуі кез келген салтқа қандай да бір өзгеріс әкелетіні заңдылық.

Ал қазіргі қоғамымыздағы жоқтау міндетті түрде жасалынуы керек үрдіске айналды. Әрине, бұл жердегі айтпағымыз ешқандай қаннан қаперсіз, еш уайымсыз, ештеңе болмағандай отыру керек демейміз, тек белгілі бір шектен шықпаса дейміз. Әйтпесе, ел арасында тіпті Құдайға тіл тигізіп, тағдырды қарғап-сілеп жататындар аз емес. Өлімнің дәмін тататынымыз ақиқат. Кез келген тіршілік иесі жан тапсырады. Мұң қайғыны молынан жабылып, дүниеден безіп кетпеуіміз керек. Фильмде Құнанбайдың өзі жұбату айта келіп, ел жұртқа басу айтуы, көз жастарыңызды құрғатыңыздар, енді еңселеріңізді көтеріңіздер деуі де осы шығар. Осыдан біраз уақыт өтіп, елде қуаныш болып, той жасалады. Фильм авторларының да айтпағы осы, біреу дүниеден өткенімен тірі жан тіршілігін жасайды дейді. Ал тойдағы көріністен тамаша салт-дәстүрлеріміздің тағы да куәгері боламыз. Атқа мінер боз балалардың бәйгесі, бойжеткендердің мың бұралған тамаша биі, мен мен деген алыптардың боз кілем үстінде белдесуі, күш сынасуы, ал жасы үлкендер барлығы бір киіз үй ішінде жиылып, елдің ертеңі үшін ақылдасып кеңескен әңгімелері, жастардың оларға ілтипат көрсетіп, қызметінде болуы бәрі-бәрі еш нәрсе қалдырмай түгелімен бір эпизодқа сыйып-ақ тұр. Әрине, бұл авторлардың асқан шеберлігі емес пе? Фильмде бір қуаныш, бір қайғы кезекпен кезек келіп отырады. Бұл да болса, өмірдің тек қана қайғыдан, не қуаныштан тұрмысынан хабар береді. Фильмде ел ішінде шу шығып, Құнанбайдың шешім шығаруына қатты сасқанын да көрсетеді. Бұл жерде Құнанбайдың әлсіздігі емес, ел қамын ойлаған басшы екенін көрсетеді. Бірінші билермен, соңынан келіп шешесімен ақылдасуы бұл да біздің салтымыздан. Қазақ халқы би-шешендернің ойын, сөзін биік қойған. Әрі фильм жала жабу, айыпталу және жаза беру секілді әрекеттермен өрбиді. Мұндағы жала жабылған қайын атасымен жесір қалған келіншектің ел алдында жазалануы бір жағынан тарап кеткен өсекті тоқтату болса, екінші жағынан кейінгі ұрпақ осы қателікті қайталамас үшін жасалған кезіндегі халқымыздың ұстанған салттарының бірі еді. Фильмнің соңында жала жабылған Құнанбайға Аягөз округінің аға сұлтаны Барақтың құн төлеуімен бас кейіпкер аман қалады. Қол ұшын созған Барақ сұлтанмен Құнанбай бауырлық құшақтарын жайып кездеседі. Сол кезде Барақ сұлтан Зеренің дүниеден өткенін естіртеді. Естірту де біздің халқымыздың салтынан. Тарихта естіртудің сан алуан түрлері әдеби жазбаларда, ауыз екі әңгімелерде көптеп кездеседі. Елге оралған Құнанбай Абайды ертіп Зеренің қабір басына барады да құран бағыштайды. Әлмисақтан бері мұсылманмын дейтін қазақтың марқұмға құран бағыштауы да салтымыздың асыл арналарының бірі. Қазіргі қоғамда өзге елдің ғұрпына еліктеуі кең етек алуда. Осындай көркем фильмдер көптеп арналарымызда көрсетілсе, бәлкім, мұндай көріністер болмаушы ма еді. Құнанбай жайлы фильмді әкесімен баласы арасында болған диалогпен қорытындылағым келіп тұр.

  • Әке, етігіңмен су кешкендегі мұратың не?
  • Мен Алаштың атын жетектеп әкеліп, кермеге байладым, шешілместей етіп. Мен Алаштың найзасын белдеуге қыстырдым, алынбастай етіп. Содан соң құздың шетіне осы құжыраны салдым.
  • Неге, әке? Неге құздың шетіне?
  • А-а, балам, ол сенің ендігі шешетін жұмбағың [1].

Қазақ киносының қарыштап қадам жасауына, келешекке ұмтылып, алға қарай екпінді түрде ентелей өсіп жетілуіне әртүрлі кезеңдер мен жылдар, ғасырлар өз ықпалын тигізбей қоймады. Қазақ даласы сан түрлі саяси соқпақтардың бұралаңы мен қиылысын түгел көрді дей аламыз. Оған ақлың қатпарлы тарихымыз куә. Кеңес одағының құлауы, болашақтың бұлыңғыр болуы сол кездегі жас толқын режиссерлердің кино түсіру үрдісін бірден өзгертіп, тақырыбы мен кейіпкері де елді елең еткізіп, ешкімді жайбарақат қалдырған жоқ. Сол кездегі режиссерлердің кинематорграфиялық бейнелеу тәсілдері танымастай өзгеріп, жаңа қарқын алды. Жалпы алғанда өзін-өзі талдау (самоанализ) жасауға беттеді. Нәтижесінде архетипке айналған Мәншүк, Қожа, Қыз Жібектердің қатарына қарама-қайшы кейіпкерлер келіп қосылды. Онымен қоса америка, француз фильімдерінен ауып келген «дүбәрә» кейіпкерлер де экран бетін жаулай бастады [2].

Тіршілік енді бастап, өзінің өніміз жарыққа шығара бастаған бір кездегі қазақ киноиндустриясының алғашқы тәй-тәй басқан қадамына алпауыт империялар миығынан күлгені анық. Төмен жұртқа төрелік етуге құмар алып мемлекеттер қазақтың қарқынына қалай қараса да, бүгінгі таңдағы кино саламыздың еңсесі көтеріліп, есімі әлемнің түкпір-түкпіріне түгел жайылуда.

***

ТАРИХИ КИНОДА САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ КӨРІНІС ТАБУ ҮРДІСІ

Аннотация. Қазақ киносындағы салт-дәстүрдің көрініс табуын зерттеу және маңыздылығын дәріптеу. КСРО кезеңіндегі киномен жаңа толқын қазақ киносына салыстырмалы түрде анализ жасау.

Кілт сөздер: кино, салт-дәстүр, тарих, ұлттық мінез, ырым.
 

Список литературы

  1. Қазақ мәдениетіндегі әйел бейнелері. Монография / жауапты ред. Г.Адаева. Астана: Мастаер ПО, 2014. ‒ 196 б.
  2. Массагет өнертану форумы. http://massaget.kz/madeniet/kino/15118
  3. Дулат Исабеков «Белестерге бет түзеген қазақ киносы» https://egemen.kz/article/157990-dulat-isabekov-belesterge-bet-tuzegen-qazaq-kinosy

Поделиться

1264

Ayakoz S.. National culture and tradition in Kazakh films // Актуальные исследования. 2021. №45 (72). С. 41-44. URL: https://apni.ru/article/3180-national-culture-and-tradition-in-kazakh-film

Обнаружили грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики)? Напишите письмо в редакцию журнала: info@apni.ru

Похожие статьи

Актуальные исследования

#52 (234)

Прием материалов

21 декабря - 27 декабря

осталось 2 дня

Размещение PDF-версии журнала

1 января

Размещение электронной версии статьи

сразу после оплаты

Рассылка печатных экземпляров

17 января